ОҚО әкімдігі орнатқан кері байланыс тиімділігін көрсете бастады

0
1 384

​Биылғы жылдың 8 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаевтың тапсырмасымен әлеуметтік желі арқылы байланысты жақсарту үшін Whatsapp мессенджері іске қосылған болатын. Ондағы мақсат -әкімдік пеноблыс жұртшылығы арасындаашық диалог орнатып, қоғамдағы түйткілді мәселелерді дер кезінде шешу,-деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.


ОҚО әкімдігі орнатқан кері байланыс тиімділігін көрсете бастады

Биылғы жылдың 8 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаевтың тапсырмасымен әлеуметтік желі арқылы байланысты жақсарту үшін Whatsapp мессенджері іске қосылған болатын. Ондағы мақсат -әкімдік пеноблыс жұртшылығы арасындаашық диалог орнатып, қоғамдағы түйткілді мәселелерді дер кезінде шешу,-деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінде аталған байланыс түрі өзінің тиімділігін көрсете бастады. Қазірдің өзінде Whatsapp мессенджеріне тұрғындар тарапынан жалпы саны 208 сұрақ келіп түскен. Оның 49-нажауап беріліп, тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.

Келіп түскен сұрақтардың басым көпшілігін инфрақұрылымдық мәселелер құрап отыр. Атап айтсақ, 10 тұрғын табиғи газ, 7 тұрғын ауыз су, 34 азамат тұрғын үй кезегін, 10 азамат электр энергиясына қатысты мәселе айтып, шағымданған. Сондай-ақ, 24 азамат жол қиындығын көтерсе, 14 тұрғын қоғамдық көлікке қатысты, 12 азамат қоқыс мәселесі жөніндешағымын жеткізген.

Арыз-шағым түсіргендердің басым көпшілігін Шымкент қаласының тұрғындары құрап отыр. Мәселен, келіп түскен 208 сұрақтың 137-сіоблыс орталығының тұрғындарына тиесілі болып шықты. Екінші орында 8сауал жолдаған Төлеби ауданының тұрғындары тұр.

Бүгінгі таңда келіп түскен өтініштерді салалық басқармалардан құрылған жұмысшы топ назарға алып, нәтижесін өтініш берушіге жолдауға дайындау үстінде. Еске салайық, облыс тұрғындары арыз-шағымдары бойыншамына көрсетілген+ 7 702 198 53 23 ұялы телефон нөміріне тіркелген WhatsApp Messenger-ге сауалдарын жолдауына болады.