ОҚО: Ақша беріп алданған да, алған алаяқ та әшкере болды

0
1 203

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері бірнеше тұрғынды оқуға түсіремін деп сан соқтырған күдіктіні қолға түсірді.


ОҚО: Ақша беріп алданған да, алған алаяқ та әшкере болды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері бірнеше тұрғынды оқуға түсіремін деп сан соқтырған күдіктіні қолға түсірді.

Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне бірнеше жергілікті тұрғындар арызданған. Шағымда бейтаныс адам оқуға түсіріп беруге уәде етіп, ақшаларын алғаны көрсетілген. Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті азамат жәбірленушілердің бірінің айтуынша оның ұлын оқу орындарының біріне оқуға түсіріп беретініне уәде етіп, 700 мың теңгесін алып белгісіз бағытта жасырынған. Аталған жайт бойынша сарыағаштық полицейлер жедел іздестіру іс шараларын жүргізу барысында алдап, қомақты қаржыны қолды ету әрекетіне қатысы бар деген күдікпен 25-30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Бүгінгі күні полиция қызметкерлері күдіктінің алаяқтықтың 6 жайтына қатысы барын анықтады. Жалпы келтірілген шығын көлемі шамамен 5 миллион теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы ретте оңтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары тұрғындарға алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуын ескертеді. Өзін түрлі мекеме қызметкерімін деп таныстырып анықтайтын құжаты болмаса, өз үйіңізге танымайтын адамдарды кіргізбеуге, ешкімге сенбеуге және алаяқтың арбауына түсуден аулақ болуға шақырады.