ОҚО-да бетперде киген бір топ азамат 700 мың теңгені ұрлап кетті

0
1 186

​ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Қазығұрт ауданындағы мекемелердің бірінің қызметкеріне шабуыл жасап, күш көрсету арқылы қомақты қаржыны қолды еткен қылмыстық топты ұстады.


ОҚО-да бетперде киген бір топ азамат 700 мың теңгені ұрлап кетті

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Қазығұрт ауданындағы мекемелердің бірінің қызметкеріне шабуыл жасап, күш көрсету арқылы қомақты қаржыны қолды еткен қылмыстық топты ұстады. Бұл оқиға өткен жылдың қараша айында орын алған болатын. Қазығұрт аудандық полиция бөліміне белгісіз тұлғадан бір топ азаматтардың мекемелердің бірінің автокөлігіне шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері анықтағанындай, бетперде киген белгісіз топ мүшелері автокөлікті тоқтатып, мекеме қызметкеріне күш көрсетіп, шамамен 700 мың теңгесін алып кеткен. Қазығұрттық полицейлер жүргізген жедел іздестіру іс шарасы барысында 4 күдікті ұсталды. Олар жас шамасы 20-30 жастағы азаматтар. Барлығы да Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты. Аталған қылмысқа қатысы бар бесінші күдіктіге іздеу жарияланды. Қазығұрт АІІБ-нің полиция қызметкерлерімен күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Қазіргі таңда тонау жайтымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жинақталған құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.