ОҚО-да биыл егіс көлемін 833,1 мың гектарға жеткізу межеленіп отыр

0
1 253

​Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 833,1 мың гектар болады деп межеленіп отыр. Бұл мемлекеттік бағдарламадан 30,6 мың гектарға, ал жылмен салыстырғанда 6,8 мың гектарға артық. Бүгін бұл туралы Үкімет отырысында онлайн режимде баяндама жасаған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, -деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.


ОҚО-да биыл егіс көлемін 833,1 мың гектарға жеткізу межеленіп отыр

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 833,1 мың гектар болады деп межеленіп отыр. Бұл мемлекеттік бағдарламадан 30,6 мың гектарға, ал жылмен салыстырғанда 6,8 мың гектарға артық. Бүгін бұл туралы Үкімет отырысында онлайн режимде баяндама жасаған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, -деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысының айтуынша, биыл егістікті әртараптандыру бойынша мал азықтық дақылдардың көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 37,2 мың гектарға, дәндік жүгері 16,6 мың гектарға, арпа 12,8 мың гектарға, көкөніс, бақша, картоп – 8,2 мың гектарға артатын болады. Сәйкесінше мақта дақылы 30,5 мың гектарға қысқарып, жалпы 105 мың гектарды құрамақ.

«Қазіргі таңда облыс тауар өндірушілері жаздық дақылдардың тұқымдарымен қамтамасыз етілді. Бүгінге облыста 12,4 мың гектарға жаздық дақылдар, оның ішінде 6,2 мың гектар көкөніс, 0,4 мың гектар арпа, 3 мың гектар жоңышқа, 2,1 мың гектарға картоп егілді. Егу жұмыстары әлі де жалғасуда. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа бөлінген 38 мың тонна жанар майдың бүгінге 23 мың тоннасының құны төленіп, қоймаға 14 мың тоннасы құйылды. Тауар өндірушілерге 2,2 мың тонна жанар май таратылды», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қолда бар трактордың 95 пайызы, яғни 14250 бірлігі, дән сепкіштердің 97 пайызы, яғни 1805 бірлігі дайын.

Бұдан бөлек, минералды тыңайтқыштарды субсидиялау қағида талаптарына сәйкес өтінімдер 1 наурыздан бастап веб-порталы арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесі бойынша қабылдануда. Аталған жүйе бойынша бүгінге 1000 өтінім келіп түскен.

Минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес 2018 жылы 85 мың тонна тыңайтқышқа 3,5 млрд теңге бөлінген. Жалпы, облыста көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде атқаруға толық мүмкіндік бар.