ОҚО-да «Дұрыс мамандық – жарқын болашақ!» атты жастар форумы өтті

0
1 652

Оңтүстік өңірін жандандыру жолында еңбек етіп жүрген азаматтар жастарға еңбек нарығында сұранысы жоғары мамандықтар туралы ақпарат беріп, қатысушы оқушылар ойын мазалап жүрген сұрақтарға жауап алды.


ОҚО-да «Дұрыс мамандық – жарқын болашақ!» атты жастар форумы өтті

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Назарбаев зияткерлік мектебінде «Дұрыс мамандық – жарқын болашақ!» атты еркін форматта жастар форумы өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен форумның мақсаты – жастарды болашақ кәсіптерін дұрыс таңдауға бағыттау. Форумға Қаратау ауданы әкімі – Ғ.Мәуленқұлов, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерде білім алған белсенді жастар және аудан аумағына қарасты мектептердің белсенді оқушылары қатысты. Оңтүстік өңірін жандандыру жолында еңбек етіп жүрген азаматтар жастарға еңбек нарығында сұранысы жоғары мамандықтар туралы ақпарат беріп, қатысушы оқушылар ойын мазалап жүрген сұрақтарға жауап алды.

Адам өмірінде мамандық таңдаудан басқа маңызды іс жоқ. Оңы мен солын танып үлгермеген мектеп оқушылары мамандығын дәл таңдайды деп айтсақ, артық айтқандық болар еді. Сондықтан жастар мамандық таңдауда көбіне ата-аналарымен ақылдасып, бір шешімге келіп жатады. Мұндайда жастарға қандай көмек болса да артықтық етпейтіні ақиқат. Осылайша өз ойларын топшылаған форум қатысушылары өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.