ОҚО-да мектеп және балабақшаның 92 қызметкері істі болды

0
1 025

Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) 97 мектеп және балабақша қызметкерінің үстінен іс қозғалып, сотқа жеткен. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиналыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ОҚО облыстық департаментінің басқарма басшысы Айдар Тастеміров айтты,-деп хабарлайды Аzattyq.org.

Тастеміровтың мәліметінше, 2018 жылдың екі айында сыбайлас жемқорлыққа байланысты екі мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғалған. 2017 жылы 157 шағым түсіп, оның 92-сі сотқа жолданған.

-Жемқорлық облыстағы білім ошақтарымен бірге балабақшаны да жайлаған. Мысалы, «Балапан» бағдарламасы бойынша жемқорлыққа жол берілгені үшін 40 адам жауапқа тартылды, - дейді ол.

Білім саласындағы жемқорлықты облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов та жоққа шығармайды. Оның сөзінше, сыбайлас жемқорлық көп жағдайда ҰБТ кезінде және мектеп не балабақшаға жұмысқа қабылдар кезде болады.