​ОҚО-да «Мен өмірге құштармын» атты қайырымдылық кеш өтті

0
1 889

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бадарламасы аясында және облыстық «Халқыма тағзым» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің құрылғанына алты жыл толуына орай өткен қайырымдылық шарада тағдырдың сынағына мойымай жүрген мүмкіндігі шектеулі жандар өз өнерлерін паш етті.

Мұндай концерттік бағдарлама бұған дейін елордамыз Астана мен Алматы, Қызылорда, Тараз және Атырау қалаларында өтіп, өнерлі жандар қошеметке бөлінген болатын. «Халқыма тағзым» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Жайлымысованың айтуынша, бірлестік мүмкіндігі шектеулі өнрепаздардың қатысуымен енді Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Гүлдене бер, Астана» концерттік бағдарламасын бас қаламыз Астанада өткізуді жоспарлап отыр екен. Айта кетерлігі, қайырымдылық шара Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту, білім және денсаулық басқармалары мен мәдениет және халық шығармашылығы, Жастар ресурстық орталықтарының қолдауымен ұйымдастырылды.