ОҚО-да табиғатқа қол сұққандарға 10,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған

0
1 619

​ERNUR.KZ Шымкент қаласындағы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция брифинг өткізді. БАҚ өкілдеріне аталмыш аумақтық инспекция басшысы орынбасары Қырықбай Бақытжан бір жыл бойы атқарған жұмыстарының қорытынды жасады.


ОҚО-да табиғатқа қол сұққандарға 10,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған

ERNUR.KZ Шымкент қаласындағы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция брифинг өткізді. БАҚ өкілдеріне аталмыш аумақтық инспекция басшысы орынбасары Қырықбай Бақытжан бір жыл бойы атқарған жұмыстарының қорытынды жасады.

-«Облыс аумағында мемлекеттік орман қорының жалпы жер көлемі 3439794 гектарды құрап, оның 1639194 гектары орманмен көмкерілген алқаптарға жатады. Осы көлемі өткен жылы 255 гектарға кеміді. Оның себебі Шардара су қоймасы аумағынан жағажай салу мәселесіне байланысты болып отыр. Шардара қаласына 255 гектар жер ауылшаруашылығы мақсатында берілді.

Орманмен көмкерген алқаптарды молайтудағы жұмыстар бойынша 9415 гектар ұлғайып оң нәтижесін беруде. Жалпы орман шаруашылығы жерлерін ұлғайтуда айтарлықтай жұмыс бар», - дейді аумақтық инспекция басшысының орынбасары Б.Қырықбай.

Аумақтық инспекция үшін өзекті мәселелердің бірі сексеуіл ағашының сиреуі. Бұның алдын алу мақсатында 2018 жылдың 31 желтоқсанға дейін сұғанақтарды табыс көзінен таса ұстау тапсырылған. Дәл осы датаға дейін республика аумағында сексеуіл ағашын сауда орындарында сатуға да тыйым салынды. Осы рете аңшылардың да санын айта кету керек. Облыс бойынша осы кәсіпті серік еткен 8055 адам тіркеліп отыр.

Жалпы табиғат қорғау іс-шараларының нәтижелеріне тоқталсақ, облыстағы табиғат қорғау ұйымдары қызметі барысында 773 табиғат заңдылығын бұзу оқиғалары анықталған. Құқық бұзушыларға 10492,3 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның жыл соңына 7739,2 мың теңгесі өндіріліп, келтірілген шығын 8893,6 мың теңгені құрады. Құқық бұзушылықтар ішінде инспекция тарапынан анықталған 324-тің 253-і балық шаруашылығы, 43 аңшылық шаруашылық бойынша, 28 орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша құқық бұзушылық оқиғалары тіркелді. Тарқаталық, балық аулау талаптарын өрескел бұзған 11 құқық бұзушы азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұдан өзге жануарлар дүниесіне қатысты 3 қылмыстық іс анықталды. Яғни Арыс қаласының тұрғыны Б.Әлімбаевтың «қарабауыр бұлдырық» және «қасқалдақ» құстарын заңсыз атып алғаны анықталған. Ол ҚР Қылмыстық Кодекстің 337-бабының 4 бөлігінің 2 тармағына сәйкес 456,1 мың теңге залал келтірілгені үшін кінәлі деп танылып оған аңшылықпен айналысу құқығынан 1 жылға айыру және 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы қолданылды. Сондай-ақ, Сайрам ауданы, Жданов ауылының тұрғыны М.Мәуленқұлов Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген дала қыранының балапанын заңсыз сатқандығы белгілі болған. Десе де Сайрам АІІБ тергеу барысында 226,9 мың теңге залал келтірсе де ол кінәсіз деп танылып, қылмыстық ісі қысқартылған. Ал Созақ ауданы Жуантөбе ауылының 4 тұрғыны 17 бас жабайы қоянды заңсыз атып алып, 192,7 мың теңгеге шығын келтірген. Бұл азаматтарға қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылды.

Аумақтық инспекциямен жалпы құқық бұзушы 320 азаматқа 4188,6 сың теңге әкімшілік айыппұл салынып, жыл соңына 317 азаматтан 4120,5 мың теңге қаржы өндірілген.

Құқық бұзушылардан жалпы 53,8 м3 сексеуіл сүрегі, 659 кг балық, 14 суда жүзу құралдары, 16 дана ау, 2 аңшы қаруы тәркіленген.