ОҚО-да танымал дирижерінің мерейтойы тойланды

0
1 526

​Шымкенте ҚР Мәдениет қайраткері, "Сүгір" атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің дирижері Ғалия Рахтайқызының шығармашылығына 45-жыл толуына арналған "Өнерім - өмірім" атты шығармашылық кеші өтті,- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


ОҚО-да танымал дирижерінің мерейтойы тойланды

Шымкенте ҚР Мәдениет қайраткері, "Сүгір" атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің дирижері Ғалия Рахтайқызының шығармашылығына 45-жыл толуына арналған "Өнерім - өмірім" атты шығармашылық кеші өтті,- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шығармашылық кеште оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ және шетел музыка өнерінің жауһарлары мен облыс әншілерінің орындауындағы әндер орындалды.
Жомартова Ғалия Рахтайқызы 1953 жылы 1 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Зыряновск қаласында дүниеге келген.
1972 жылы Өскемен қаласындағы музыкалық училищесін баян класы бойынша, 1976 жылы Әл - Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген соң, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының жанынан талантты жастардан құрылған «Достық» ән - би ансамбльдің музыкалық жетекшісі қызметін атқарған. Осы ансамблдің құрамында Ғ.Жомартова 1972ж.- Кишинев (Молдова) , 1978ж.- Зелена Гура (Польша), 1985 Ресей, Өзбекстан, Куба мемлекеттерінде түрлі халықаралық фестивальдерінде өнерін көрсеткен.
«Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірдің құрылғаннан бастап дирижер-өңдеуші ретінде оркестр репертуарын кеңейтуге көп атсалысқан.
Ғалия Рахтайқызы 100-ден астам қазақ халық әндері мен күйлерінің, классикалық шет ел композиторлары мен Ш.Қалдаяқовтың, оңтүстік өңірінен шыққан сазгерлердің шығармаларын қазақ оркестрге өңдеп түсірген.