ОҚО-да танымал кәсіпкерді бопсаламақ болған азамат 7 жылға сотталды

0
1 136

Сотталушы Бөкейхан Қайыпназаров елімізге белгілі олигарх Серікжан Сейітжановты ұялы телефон арқылы қорқытып, ақшаны жеткізіп беруді бұйырған.


ОҚО-да танымал кәсіпкерді  бопсаламақ болған азамат 7 жылға сотталды

фото ашық дереккөзден алынды

Шымкенттік бизнесменді бопсалау арқылы 7 млн АҚШ долларын талап еткен азамат 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды жергілікті TVK арнасы.

Сотталушы Бөкейхан Қайыпназаров елімізге белгілі олигарх Серікжан Сейітжановты ұялы телефон арқылы қорқытып, ақшаны жеткізіп беруді бұйырған. Осы әрекеті үшін ол темір тордан бірақ шықты.

Айыпталушы ретінде танылған Бөкейхан Қайыпназаров 1962 жылы Оңтүстік өңірінде дүниеге келген. Жанұялы 7 баланың әкесі. Бұған дейін заң бұзушылыққа жол бермеген. Бұл жолы ол ҚР ҚК 194 яғни „қорқытып алу„ бабы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылып, абақтыға жабылды.

Самидин Темірәлиев,ОҚО Қылмыстық істері жөніндегі ауданаралық сотының судьясы:

- Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі аса жоғары мекемесінде өтеу белгіленсін. Жазаның өтеу мерзімі 2017 жылдың 15 тамызынан бастап есептелсін. Оған қатысты таңдалынып алынған бұлтартпау шарасы бұрынғысынша күзетпен ұстауда қалдырылсын.