ОҚО-да Төле би туралы 10 сериалы фильм түсіріледі

0
3 055

​Облыс басшысының бастамасымен Қарлығаш әулие деген атпен елге есімі таралған, ұлтымыздың атақты ​биі Төле бабаның толық өмірбаянына негізделген 10 сериялы «Төле би» кино түсірілмек, -деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.


ОҚО-да Төле би туралы 10 сериалы фильм түсіріледі

Облыс басшысының бастамасымен Қарлығаш әулие деген атпен елге есімі таралған, ұлтымыздың атақты биі Төле бабаның толық өмірбаянына негізделген 10 сериялы «Төле би» кино түсірілмек, -деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай ақ, үш жүздің басын қосқан киелі мекенге арналған «Ордабасы – бірліктің туы» атты анимациялық фильмі дайындалады.

Оған қоса, қазақ хандығының ордасы болған, халқымыздың ұлы тұлғалары мәңгілік мекен тапқан киелі жерді жас балғындарға таныстыруға арналған «Түркістан» және Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи қалалардың бірі, әлемдегі екінші Ұстаз атанған Әл Фарабидің туған жері Оқсыз қаласының тарихы мен ұлы ғалым жайлы «Оқсыз оқиғасы» анимациялық фильмдері қалың көпшілік назарына ұсынылатын болады.