ОҚО-да "Уылдырық" операциясы нәтижесінде 2 млн. теңгеден атам айыппұл салынды

0
1 653

Сонымен қатар «Нерест» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде ОҚО ІІД ЖПҚ қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасы аясында 180-нен астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.


ОҚО-да

ERNUR.KZ. 2018 жылғы 4 сәуір мен 31 мамыр аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында заңсыз балық аулауға байланысты «Уылдырық» жедел профилактикалық іс-шарасының қорытынды нәтижесі бойынша тәртіп сақшылары 13 экологиялық қылмысты анықтады. Оның ішінде Қызыл кітапқа енген жануарды заңсыз аулаудың 1 жайты тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мамыр айының басында рейдтік іс-шара кезінде Арыс АІІБ қызметкерлері Арыс өзенінің бойында жергілікті тұрғынның көлігін тоқтатты. Полицейлер азаматтан балық аулау жабдықтарын және ҚР Қызыл кітапқа енгізілген «Түркістан қаязы» атты балықты тәркілеп алды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚҚ-нің «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлермен, олардың бөліктеріменнемесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Келтірілген шығынның көлемі 700 мыңнан аса теңгені құрады.

Ал екі аптадан соң Ордабасы ауданы Бөген су қоймасында тәртіп сақшылары электр қармағы көмегімен заңсыз балық аулаумен айналысқан екі жергілікті тұрғынды ұстады. Ұсталғандардан балық аулау жабдықтары мен шамамен 15 дана балықты тәркіленді. Аталған жайт ҚР ҚҚ «Балық ресурстарын басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін аулау» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар «Нерест» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде ОҚО ІІД ЖПҚ қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасы аясында 180-нен астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Заң бұзушыларға екі миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынған.