ОҚО: Мектеп оқушылары зорлаған 7 жасар балаға қатысты істі ІІД басшысы бақылауға алды

0
1 408

​Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында болған күллі елдің жағасын ұстатқан жайтты облыстың бас полицейі өз бақылауына алды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ERNUR.KZ хабарлайды.


ОҚО: Мектеп оқушылары зорлаған 7 жасар балаға қатысты істі ІІД басшысы бақылауға алды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында болған күллі елдің жағасын ұстатқан жайтты облыстың бас полицейі өз бақылауына алды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ERNUR.KZ хабарлайды.

«Сарыағаш ауданындағы жасы кәмелетке толмаған 7 жасар балаға қатысты мектеп оқушыларының ұрғаны және зорланғаны жөніндегі дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 121 бабының 4 бөлігімен Сарыағаш АІІБ ПБ-мен қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық істің тергеуіне қатысты қалған мәліметтер тергеу құпиясы болғандықтан, жариялануға жатпайды. Істің тергелуі ОҚО ІІД-ті басшыларының жеке бақылауында» делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Естеріңізге сала кетейік,бұған дейін отандық бірқатар БАҚ-та Сарыағаш ауданындағы бірінші сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары үздіксіз қорлық көрсетіп, зорлап келгені туралы ақпарат тараған болатын. Ең сорақысы, зорлықтың құрбаны болған бүлдіршіннің әжесі осындай қылмыстың болғанын айтып бүлдіршінді зорлады деген күдікті оқушылар оқитын мектеп басшылығы мен тіпті құзырлы органдарға да шағым айтқан. Алайда бұл іске екі жақ та көз жұма қарап, жылы жауып қоюға тырысқан. Ерекше айта кетерлігі, мектеп басшылығы жергілікті мәслихат депутатының келіні көрінеді, ал қайын ағасы облыстық Ішкі істер департаментінде жоғары лауазымды қызметтердің бірінде отыр екен.
Әлеуметтік желіде кеңінен талқыға салынған бұл іс енді бүкіл ел назарында болып отыр.