ОҚО-ның полицейлері жыл басынан экологиялық 47 қылмысты анықтады

0
1 425

ERNUR.KZ​. ​ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарға қарсы тұру бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу іс-шарасы аясында жыл басынан 47 экологиялық қылмыс пен 180-нен астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ дпартаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ОҚО-ның полицейлері жыл басынан экологиялық 47 қылмысты анықтады

фото интернеттен алынды

ERNUR.KZ. ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарға қарсы тұру бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу іс-шарасы аясында жыл басынан 47 экологиялық қылмыс пен 180-нен астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ дпартаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрсетілген мерзім ішінде полиция қызметкерлері заңсыз ағаш кесудің 38 жайты, жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланудың 7 жайты, 1 заңсыз аң аулау жайты және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің заңсыз айналымы туралы 1 іс тіркелінді.

Мысалға, ағымдағы жылдың ақпан айында Созақ АІІБ ЖПҚ-нің қызметкерлері ОҚО Созақ ауданында жүргізілген іс-шара барысында 1986 ж.т. жергілікті тұрғынның жүк автокөлігін ұстады. Полиция қызметкерлері ер азаматтан шамамен бір текше заңсыз кесілген сексеуіл тәркіледі. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ОҚО ІІД ЖПҚ қоршаған ортаны қорғау қызметкерлері экологиялық заңнама талаптарын бұзған 182 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде аң аулау және жануарлар дүниесін пайдалану ережесін бұзғаны үшін 60 астам азамат, балық аулау ережелерін бұзған және басқа да су жануарларының күзетілетін балық ресурстарында 40 құқық бұзушы, аумақтарды игеру және үй жануарларын ұстау ережелерін бұзғаны үшін – 70 және жасыл екпелерді күтіп ұстау мен қорғау қағидаларын бұзған 10 құқық бұзушы. Тәртіп сақшылары құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырып шамамен жарты миллион теңге айыппұл салды.

Өз кезегінде ОҚО ІІД ЖПҚ-нің қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарға қарсы тұру бойынша жүргізіліп жатқан алдын-алу іс-шарасының мақсаты қылмыстардың және әкімшілік құқықбұзушылықты анықтауға бағытталған заңсыз аң ату және пайдалануға тиым салынған жануарлар мен өсімдіктерге байланысты үнемі жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шара өткізу.