ОҚО: Ордабасы ауданында 3000 трактор шығаруға қауқарлы кәсіпорын іске қосылды (фоторепортаж)

0
2 184

​ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Бадам өндірістік аймағында ауылшаруашылығы техникасын құрастыру зауыты өз жұмысын бастады.


ОҚО: Ордабасы ауданында 3000 трактор шығаруға қауқарлы кәсіпорын іске қосылды (фоторепортаж)

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Бадам өндірістік аймағында ауылшаруашылығы техникасын құрастыру зауыты өз жұмысын бастады.


Индустрияландыру картасы аясында «KAZKIOTI» ЖШС ауылшаруашылығы техникасын құрастыру зауыты мен «Karlskrona LB AC» ЖШС болат құю зауыты іске қосылып жұмыс жүргізуді бастап кеткен. Екі кәсіп орынның алып жатқан аумағы 153 га. Оған 37 млрд. 420 млн. теңгенің 4 инвестициялық жобасы (646 жұмыс орнымен) аймаққа орналасуға мүмкіндік алған.


«KAZKIOTI» ЖШС төрағасы Мақсат Молдахмет қазіргі таңда трактордың кей бөлшектерін «Karlskrona LB AC» ЖШС болат құю зауытына тапсырыспен жасату мүмкіндігі қарастырылуда екенін мәлімдеді. Мәселен, бір тракторды құрастыру үшін 4000 бөлшек қажет болса, бүгінгі таңда оның тек 40 бөлшегі ғана Қазақстанда жасалады екен.


Жас кәсіпкер ендігі кезекте болат құю зауытының әлеуетін пайдалануды жоспарлауда. Өндіріс орны жылына 3000 трактор құрастыруға қауқарлы. Аталған зауыттың әкімшілігі қазіргі таңда қаржы құрылымдарымен келіссөздер жүргізіп, техникаға шаруалардың қолжетімділігін арттыру үшін несие желісін ашу жайы талқылануда екенін жеткізді.