ОҚО: Ордабасы ауданында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

0
2 737

​Ордабасыда аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында электронды түрде көрсетілетін Мемлекеттік қызмет түрлерін халыққа түсіндіру бойынша арнайы жәрмеңке өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


ОҚО: Ордабасы ауданында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Ордабасыда аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында электронды түрде көрсетілетін Мемлекеттік қызмет түрлерін халыққа түсіндіру бойынша арнайы жәрмеңке өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шара Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша қойылған жаңа міндеттерді түсіндіру мақсатында ұймдастырылды.
Жәрмеңкеге Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мониторингі, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария, білім, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары қатысты.
Шара барысында азаматтарға электронды қызмет алу тәртібі, көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері түсіндіріліп, үйретілді, дағдылану жұмыстары жүргізілді.