ОҚО: Орталық стадионға кіретін билет бағасы қымбаттады

0
1 725

​ERNUR.KZ. ОҚО-дағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда кешегі өткен «Ордабасы»-«Шахтер» футбол матчтына келген жанкүйерлер билет бағасының 500 теңгеден сатылғанына қынжылыс білдірді.


ОҚО: Орталық стадионға кіретін билет бағасы қымбаттады

ERNUR.KZ. ОҚО-дағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда кешегі өткен «Ордабасы»-«Шахтер» футбол матчтына келген жанкүйерлер билет бағасының 500 теңгеден сатылғанына қынжылыс білдірді. Ол пікір әлеуметтік желіде кеңінен тарап, желі қолданушылары наразылығын білдірген.

Осы мәселені анықтау мақсатында Қажымұқан атындағы орталық стадион басшысы Өкшебаев Құралбай Таңсықбайұлына хабарласқан болатынбыз.

  • Біз жаңа жылдан бастап футбол билеттеріне 500 теңге деп баға бекіттік. Өзіміздің келісімізбен, жан-жақты саралай келе осы шешімді дұрыс деп шештік. Қазақстан бойынша ең төменгі баға бізде былтырғы жылға дейін сақталған болатын. Дегенмен жанымыздағы Қызылорда, Тараз қалаларында осыдан төрт-бес жыл бұрын билет бағасы қымбаттағанын білдік. Елі бір жылдық тарихы бар стадионды заман талабына лайықты деңгейде ұстап тұру қиын ғой. Қаржы керек. Оны табу да оңай соқпайды. Сол себепті осындай шешім қабылдауға тура келді,- дейді орталық стадион басшысы.

Еліміздегі ірі стадиондардың бірі саналатын Қажымұқан атындағы стадион ұжымының бұл қадамы спорт нысанының мәселесін шеше алса, онда түсіністік таныту керек.