ОҚО: Төлебилік жастар ұлттық ойындардан сайысқа түсті (ФОТО)

0
3 117

​Төлебиде жастар арасында 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Көшпенділер ойыны» атты сайыс өтті.Сайысқа аудандағы колледж студенттері, жас мұғалімдер мен олардың оқушыларынан, жас мемлекеттік қызметкер және аудан жастарынан құралған 16 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


ОҚО: Төлебилік жастар ұлттық ойындардан сайысқа түсті (ФОТО)

Төлебиде жастар арасында 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Көшпенділер ойыны» атты сайыс өтті.Сайысқа аудандағы колледж студенттері, жас мұғалімдер мен олардың оқушыларынан, жас мемлекеттік қызметкер және аудан жастарынан құралған 16 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шараға қатысушылар асық ату, ләңгі тебу, арқан тартыс, кір тасын көтеру,қол күрес бойынша бақтары мен баптарын сынады.

Командалар ұлттық ойын түрлерінен бәсекеге түсіп өзара мықтыны анықтап қана қоймай, ән айтып, би билеп өнерлерімен жиналған қауымды тәнті етті. Қазақ халқының салт-дәстүрлерінен сыр шертетін қойылымдар қойып, қымыз ішуден жарысты.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командалар мен белсенді ойыншылар арнайы номинациялар бойынша марапатталып, оларға аудан әкімінің арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ал, 22 наурыз күні «Қош келдің әз Наурыз» атты негізгі мерекелік шара өтеді. Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінде сағат 10.00-де ЮНЕСКО халықаралық стандарттарына сәйкес ғылым және өнер докторы, арт-терапевт, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші, ақын, емші Бақтыбек Талқамбаевтың «Басында Қазығұрттың кеме қалған» атты арт-терапиялық жеке шығармашылық көрмесімен басталып, орталық алаңда жалғасады.