Оңтүстікте Түлектер Аллеясы пайда болды.

0
3 006

1973 жылы бітірген түлектер атынан Дәулеталды Жанбаев әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына киім-кешек тарту етті. Акция аясында 100-ге тарта шырша отырғызылды.


Оңтүстікте Түлектер Аллеясы пайда болды.


Бәйдібек ауданының Лесбек Өтешов атындағы орта мектепті 1973 жылы бітірген түлектер өздерінің білім ұялаларына арнап аллея салып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ shymkenttv.kz-ке сілтеме жасап.

Бәйдібек ауданындағы Лесбек Өтешов атындағы білім ұясы 1930 жылы төрт сыныптық қазақ-орыс мектебі болып ашылды. Тарихы тереңде жатқан білім ұясының іргесі бұзылмай, бүгінде өсіп-өніп, көркейіп келеді. Осы кезең ішінде мектеп қабырғасынан қаншама түлектер болашаққа қанат қақты. Ерекше екпін беретін жағдай: білім ұясын 20, 45 жыл бұрын бітірген түлектер жарады.

Құрбанбек Бердалиев - Лесбек Өтешов атындағы негізгі орта мектебінің директоры

«Туған жерге тағзым», «Туған жерге туыңды тік», «Алтын ұям» кіші жобалары іске асырылып, 1973 жылы мектеп бітірген түлектер «Түлектер аллеясын» орнатып берді. Мұнда ардагерлермен қатар, мектеп басшылығының, ардагер ұстаздардың есімдері, мектептің тарихы жазылған. Бұл істің келешек ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор.

1973 жылы бітірген түлектер атынан Дәулеталды Жанбаев әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына киім-кешек тарту етті. Акция аясында 100-ге тарта шырша отырғызылды.