ОҚО-да биыл ата-ана қамқорлығынсыз қалған 90 балаға үй беріледі

0
1 127

Айта кетейік, өңіріміздегі 3 млн. халықтың 1 млн. 240 мыңнан астамын 18 жасқа дейінгі балалар құрайды.


ОҚО-да биыл ата-ана қамқорлығынсыз қалған 90 балаға үй беріледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты іс-шара барысында айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Елбасымыз өз сөзінде ұрпақ болашағына аса мән беріп, «Елімізде туылған әрбір баланы мемлекет өз қамқорлығына алуға тиіс» деген болатын. Міне, осы бағытта облыста мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдары 142 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға үй берілді. 2018 жылы 90 бала үйлі болады. Сондай-ақ, жыл сайын балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жоғарғы оқу орындарына облыс әкімінің білім гранттары бөлінуде. Мәселен, өткен жылы 95 грант бөлінсе, биыл 100 грант бөлінеді. Білімді болыңдар! Сендердің еліміздің беделді азаматы болатындарыңа кәміл сенемін», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетейік, өңіріміздегі 3 млн. халықтың 1 млн. 240 мыңнан астамын 18 жасқа дейінгі балалар құрайды. Облыста 2648 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала болса, оның 2068-і қорғаншылық және қамқоршылыққа, 184-і патронаттық тәрбиеге өткен. 349 бала үйлерінде тәрбиеленуде.