​ОҚО-да көлік тізгіндеген жасөспірім полиция көлігіне соқтығысты (видео)

0
1 060

Мемлекеттік нөмірлері шешілген полиция көлігі мен жүк көлігі соқтысып тұрған сияқты көрінеді.


​ОҚО-да көлік тізгіндеген жасөспірім полиция көлігіне соқтығысты (видео)

ОҚО-да кәмелетке толмаған жүгізуші жол көлік оқиғасына себепкер болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұның алдында оқиғаның видеосын оқырмандар редакцияға жолдаған болатын. Видеода мемлекеттік нөмірлері шешілген полиция көлігі мен жүк көлігі соқтысып тұрған сияқты көрінеді. ІІД мәліметі бойынша, Оқиға ОҚО-ның Сарыағаш ауданында болған. Кейін ЖКО-ға жасөспірім себепкер болғаны анықталды.

Патрульдік полиция көлігі тап болған ЖКО-ға қатысты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Ата-анасының Hyundai Starex көлігін рұқсатсыз айдап шыққан. Жолға шығып кетіп, тізгінге ие бола алмай қалған. Жүк көлігіне және полиция көлігіне соқтығысты", - дейді ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілері. Қазір Сарыағаш полицейлері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Жасөспірімнің ата-анасы келген шығынды өтеуге міндеттелуі мүмкін.