ОҚО-да медбикелер мерекесі атап өтілді

0
1 558

​ОҚО әкімі бірнеше мед қызметкерлерді сыйлықтармен және алғыс xаттармен марапаттады.


ОҚО-да медбикелер мерекесі атап өтілді
Облыстық Опера және балет театрында 12 мамыр мейірбикелер күні аталып өтілді. Жиынды Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев ашып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Құрметті оңтүстікқазақстандықтар сіздерді 12 мамыр мейірбикелер күнімен шын өтіледі жүрекпен құттықтаймын. Жалпы бұл мейрам Қырым соғысы кезінде басталған. Біздің елімізде 1998 жылдан бері аталып өтіледі. Шетелде дәрігерлердің өздері ине сала береді, бізде бұл жұмысты мейірбикелердің мойнында. Мен өзім де күні кеше өткен Жеңіс күні мейрамында 96 жастағы майдангер мейірбикемен биледім. Ауырмай аман жүрейік барша ақ xалаттыларды кәсіби мерекемен құттықтаймын" - деді облыс әкімі.

ОҚО әкімі бірнеше мед қызметкерлерді сыйлықтармен және алғыс xаттармен марапаттады. Мұнан соң сөз алған ОҚО Нұр Отан партиясының төрағасы Нұрмаxан Жолдасов, облыстың бас дәрігері Мұқан Егізбаев ақ xалаттыларды мерекемен құттықтады. Жиын ән бимен жалғасты.