ОҚО-да «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауы өтті

0
2 367

Байқауға өңірімізден 72 үміткер өтініш білдіріп, оның ішінен іріктеп алынған 28 композитордың Астана туралы және патриоттық әндері екі кезеңде орындалды.


ОҚО-да «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауы өтті

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Астананың 20 жылдық мерекесіне орай «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауы өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі .

Байқауға өңірімізден 72 үміткер өтініш білдіріп, оның ішінен іріктеп алынған 28 композитордың Астана туралы және патриоттық әндері екі кезеңде орындалды.

Байқау қорытындысы бойынша композиторлар арасынан бас жүлдеге Шымкент қаласынан Кеңесов Ізбасар, ал әншілер арасынан «Сарын» тобы лайық деп танылды. Жүлделі бірінші орынмен Түлкібас ауданының композиторы Шымырбаева Рысты және шымкенттік «Фараб» дуэті марапатталса, екінші орын композиторлар үшін Ордабасы ауданынан М.Байбосынов пен Сайрам ауданынан Б.Дәрібаевқа, әншілер үшін Шымкент қаласынан Қ.Айбекке және түлкібастық Ә.Бексұлтанға берілді. Ал үшінші орын шымкенттік композиторлар мен әншілерге М.Тұрлыбеков пен А.Қасымбековке, Б.Ақылбек пен М.Қабайға бұйырды.

Сондай-ақ, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының арнайы жүлдесімен Шымкент қаласының композиторы Ф.Ескенеев пен Қазығұрт ауданынан НҚожатаевқа берілді.

Бұдан бөлек, «Ең үздік музыкалық өңдеу» номинациясымен Мақтарал ауданының композиторы М.Қасқырбаев марапатталса, «Ең жас әнші» номинациясы Отырар ауданынан М.Мырзахметоваға, «Көрермен көзайымы» номинациясы Шардара қаласынан «Шардара» дуэтіне, «Патриоттық әнді үздік орындаушы» номинациясымен шымкенттік әнші Ф.Бахтовқа, «Мәңгілік ел» номинациясымен Кентау қаласынан С.Исаев марапатталды. Ал облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының арнайы жүлдесі Бәйдібек ауданынан Ж.Әшірбек табысталды. Барша жеңімпаздар мен номинация иегерлері арнайы алғыс хат пен қаржылай сыйлықтарға ие болды.