ОҚО-да республикалық «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы басталды

0
1 482

Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс атқару.


ОҚО-да республикалық «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы басталды

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында 2018 жылдың 14 мен 18 мамыр аралығында«Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емесмекемелердің, жұртшылықтың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып өткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс атқаруға, азаматтардыңполицияға деген сенімін нығайту, халықтың қалыңтобын отбасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және оның жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік кеңес беру, сондай-ақ, өңірлерде сенім телефондары мен дағдарыстық орталықтарының бар екенітуралыхалыққа хабарлау болып табылады.