ОҚО-да үшінші өңіраралық «WorldSkills Kazakhstan- 2018» чемпионаты басталды

0
1 296

Төрт күн бойына жалғасатын білім жарысында қатысушылар инженерлік, сантехника және жылыту, веб-дизайн, электрмонтаж, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, кескіндеме және сәндік жұмыстар, мобильді робототехника сынды 30 мамандық бойынша бақтарын сынамақ.​


ОҚО-да үшінші өңіраралық «WorldSkills Kazakhstan- 2018» чемпионаты басталды

Бұл іс-шара Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру бойынша облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өңіраралық чемпионатқа Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының колледждерінен 123 студент қатысуда. Төрт күн бойына жалғасатын білім жарысында қатысушылар инженерлік, сантехника және жылыту, веб-дизайн, электрмонтаж, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, кескіндеме және сәндік жұмыстар, мобильді робототехника сынды 30 мамандық бойынша бақтарын сынамақ.

Чемпионаттың ашылу салтанатына қатысқан блыс әкімі бүгінде елімізде техникалық-кәсіптік мамандарды даярлауға үлкен мән беріліп отырғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда елімізде индустриалдыинновациялық даму бағдарламасы іске асырылуда. Оныжүзеге асыру үшін жаңа үлгідегі өндірістік желілерін ашу және жоғары білікті шебер мамандарды қалыптастыру талабы қойылды. Сондықтан да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде білім беруді дамыту, соның ішінде техникалық-кәсіптік мамандарды даярлауға үлкен мән беріп отыр»,-деді Ж.Түймебаев.

Салтанатты шараға қатысушы қонақтар сонымен қатар, студенттер жасаған ауылшаруашылық техникаларынан ұйымдастырылған және шығармашылық-инновациялық жобалық көрмелермен танысты.

Техникалық және кәсіптік білім мекемелері студенттерінің арасында өткізілетін «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN - 2018» өңіраралық чемпионатының жеңімпаздарына облыстық білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдары мен медальдер тапсырылатын болады. Жарыстың жеңімпаздары 2018 жылы маусым айында Астана қаласында өтетін Ұлттық Чемпионатқа қатысатын болады.