ОҚО-дағы 66 елді мекенге газ жеткізу жұмыстары жүргізілуде

0
1 294

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 89 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оған 16,2 миллиард теңге бөлінген. 2 автоматты газ тарату стансасы, 4 газ жеткізу құбыры салынып жатыр. Сонымен қатар 66 елді мекенге көгілдір отын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Кейбірінде құрылыс жұмыстары келесі жылы бітеді.


ОҚО-дағы 66 елді мекенге газ жеткізу жұмыстары жүргізілуде

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 45 елді мекенге құбыр тартылған соң, ауылдықтар көгілдір отынды тұтына бастайды. Сонда өңірдегі тұрғындардың 66 пайызы табиғи газбен қамтылады,-деп хабарлдайды Хабар 24.

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 89 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оған 16,2 миллиард теңге бөлінген. 2 автоматты газ тарату стансасы, 4 газ жеткізу құбыры салынып жатыр. Сонымен қатар 66 елді мекенге көгілдір отын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Кейбірінде құрылыс жұмыстары келесі жылы бітеді.

«Біз үстіміздегі жылы 45 елді мекенде құрылысты аяқтаймыз деп отырмыз. Соның қорытындысымен біздің облыстың көрсеткіштері, елді мекенмен есептегенде, 46 пайызға артып, халықтың 66 пайызы газбен қамтылады. Өңірде атқарылатын жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының 96 пайызы құбырмен тартылған көгілдір отын тұтынатын болады»,- деді энергетика және ОҚО ТКШ басқармасының бөлім басшысы Нұралхан Шәріпов.