ОҚО әкімі Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

0
2 684

Бүгін ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев отан қорғаушыларды айбынды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ОҚО әкімі Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Бүгін ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев отан қорғаушыларды айбынды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы: "Құрметті Отан қорғаушылар! Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау. Сондықтан да бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтатқан, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн. Бүгінде Елбасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көрегендігінің нәтижесінде Қазақстан армиясының жаңа келбеті, отаншыл рухы қалыптасты. Қарулы Күштер мемлекетіміздің тұрақты кепіліне айналды.

Осыдан 26 жыл бұрын құрылған Қазақстанның Қарулы Күштері еліміздің еңсесін тіктеп, еркіндігімізді кеңейтті. Уақыт талабына сай әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан-жылға нығайып келеді.Конституциямызбен бекітілген абыройлы міндетті орындау үшін Оңтүстік Қазақстан облысынан көктемгі және күзгі әскерге денсаулығы мықты бірнеше жүздеген жас азамат Қарулы Күштеріміздің қатарына шақырылады.Олар әскери даярлықтан соң арнайы бөлімдерде, шекара қызметінде ел тыныштығын күзетеді. Сарбаздарымыз қашанда құрмет пен ілтипатқа лайық.

Бар ғұмырын Отанын қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып келе жатқан әскери қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз. Еліміздің тыныштығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңізге қайсарлық, қажымас денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!", - деп лебізін білдірді.