ОҚО мәслихат депутаты Елтай ауылына көпір салып берді

0
2 051

Рухани жаңғыруды атамекенге қол ұшын созудан бастаған депутаттың игілікті ісіне жергілікті тұрғындар ризашылығын білдірді. Себебі, жарты ғасырдан астам уақыт тарихы бар өткелдің бұзылғанына біраз жылдар болған. Ол арқылы 1500-ге жуық ауыл балалары өтіп, мектепке қатынайды. Ескі көпір әсіресе, бастауыш сынып оқушылары үшін үрейлі еді


ОҚО мәслихат депутаты Елтай ауылына көпір салып берді

Оңтүстік Қазақстан облысында мәслихат депутаты Әсет Қайыпбеков 300-дей түтіні бар Елтай ауылына игі іс жасады. Халық қалаулысы ауылдың кіре берісіндегі қираған көпірдің орнына жаңасын салып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz-ке сілтеме жасап.

Рухани жаңғыруды атамекенге қол ұшын созудан бастаған депутаттың игілікті ісіне жергілікті тұрғындар ризашылығын білдірді. Себебі, жарты ғасырдан астам уақыт тарихы бар өткелдің бұзылғанына біраз жылдар болған. Ол арқылы 1500-ге жуық ауыл балалары өтіп, мектепке қатынайды. Ескі көпір әсіресе, бастауыш сынып оқушылары үшін үрейлі еді. Оларды мұғалімдердің өзі біртіндеп, жетектеп өткізетін. Бірақ ауыл тұрғындары қираған көпірмен өту балаларына қауіпті екенін біле тұра оны жөндей алмай келген. Айта кетейік, облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қайыпбековтың жерлестеріне жасаған еңбегі бұл ғана емес. Бұған дейін ол өзі туып өскен ауылға мешіт салып беріп, демалыс саябақтарының салынуына мұрындық болған еді.