ОҚО: қонағын атқан азамат сотталды

0
1 147

Отырыс ұзққа созылғанына көңілі толмаған үй қожайыны қонақтарының кетуін талап еткен. Мұнысы араққа қызып алған қонақтарға ұнамай, кикілжің шығарады.


ОҚО: қонағын атқан азамат сотталды

ERNUR.KZ. ОҚО Сарыағаш аудандық соты Қапланбек ауылының тұрғыны 1981 жылы туған азаматқа қатысты ҚР ҚК 24 бабы 3 бөлімі, 99 бабы 2 ші бөлімімен, яғни өзге адамдардың өміріне қауіп төндіру бабы бойынша қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

23 мамыр күні ОҚО Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылының 37 жастағы тұрғыны үйіне екі танысын шақырып қонақ еткен. Бастары қосылған үшеуі ішімдік ішіп көңіл көтереді. Отырыс ұзққа созылғанына көңілі толмаған үй қожайыны қонақтарының кетуін талап еткен. Мұнысы араққа қызып алған қонақтарға ұнамай, кикілжің шығарады. Ақыры қонақтар үй қожайынын сабап тастайды. Ашуға булыққан үй иесі әкесінің қаруын ап қонақтарға оқ жаудырған. Олардың бірі жеңіл жарақат алған. Қонақтарынан таяқ жеген үй қожайыны да айтарлықтай жарақат алған. Дәрігерлер екі тарапқа да қажетті медициналық көмек көрсеткен.

"Істің мән жайын ескере отырып, Е есімді азаматты 2 ай мерзімге күзетпен қамауға алу туралы сот қаулысы шықты" деп хабарлады Сарыағаш аудандық сотының судьясы Берік Қайыпов.