ОҚО: Ордабасылықтар саяқ шегірткемен күресті бастады

0
1 571

Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы Ордабасы аудандық филиалы аудан көлемінде зерттеу жүргізіп, саяқ шегірткелердің бар екенін нақтылады. Зерттеу қорытындысы негізінде аудан көлемінде 36 299 гектар алқап дәріленеді деп жоспарлануда.


ОҚО: Ордабасылықтар саяқ шегірткемен күресті бастады

Ордабасы ауданында саяқ шегірткелердің қоныстанған аумақтарын залалсыздандыру шаралары басталды. Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Үсенбаев залалсыздандыру шараларының Қараспан, Бөржар, Бадам ауыл округтерінен басталғанын, қазіргі таңда 8 техника жұмылдырылғанын мәлімдеді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы Ордабасы аудандық филиалы аудан көлемінде зерттеу жүргізіп, саяқ шегірткелердің бар екенін нақтылады. Зерттеу қорытындысы негізінде аудан көлемінде 36 299 гектар алқап дәріленеді деп жоспарлануда.
Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов қауіпті аумақтарды аралап, жағдайды жеке бақылауына алды.
Қажетті дәрілердің уақытылы жеткізілуі мен техникалардың жанар-жағар маймен қамтамасыз етілуі де тұрақты бақылауда.