ОҚО: ​Отырар ауданында екі арнаулы әлеуметтік бөлме іске қосылды

0
1 322

Аудан әкімдігінің қолдауымен, кәсіпкерлердің демеушілігімен жабдықталған әлеуметтік бөлмеде медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени көмектер көрсетіледі.


ОҚО: ​Отырар ауданында екі арнаулы әлеуметтік бөлме  іске қосылды

ERNUR.KZ. ОҚО Отырар ауданындағы Аққұм, Көксарай елдімекендерінде шағын арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлмелері ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі .

Арнаулы әлеуметтік қызмет сапасын жақсарту, мүгедектігі бар балаларды болашақта қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, адамдармен емін-еркін қарым-қатынас жасауға, өзін тең дәрежеде сезінуге үйретуді мақсат еткен арнайы бөлмелердің салтанатты ашылуына қатысқан Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы тұрғындар мен балаларды қуаныштарымен құттықтап, лентасын қиды.


Бүгінде аудан бойынша Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 89 мүмкіндігі шектеулі балалар күтімге алынған.
Отырар ауданы әкімдігінің қолдауымен, кәсіпкерлердің демеушілігімен жабдықталған әлеуметтік бөлмеде медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени көмектер көрсетіледі.