ОҚО полицейлері мереке күні балаларға қызықты сайыстар ұйымдастырды

0
3 459

Мерекелік іс-шараның соңында ұйымдастырушылар балаларға спорттық жабдықтар мен ойыншықтар сыйлады.


ОҚО полицейлері мереке күні балаларға қызықты сайыстар ұйымдастырды

ERNUR.KZ. Шымкенттегі «Динамо» спорт алаңында полиция қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күніне арнап облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерімен спорттық сайыс өтті, деп хабарлайы ERNUR.KZ.

ОҚО ІІД полицейлері балаларға ән және биі бар көңілді спорттық эстафеталық конкурстар, дзюдо, қолмен күрес спорттық секцияның қатысушылары көрнекі өнер көрсетіп, сондай-ақ сыйлық пен жүлделермен марапаттап, ойын-сауық бағдарламасын әзірледі.

Көрермендер алдында авиамодель үйірмесінің қатысушылары ұшақтың моделін басқару шеберлігін көрсетті.

«Көңілді бастамалар» конкурсында балалар жаз бойына жағымды эмоциялар мен спорттық қуат алатын қаппен секіру, секіргішпен жүгіру және т.б., спорттық эстафеталармен жарысты.

Сонымен қатар іс-шара қатысушылары арасында Балаларды қорғау күніне арналған ең күшті «асфальттағы сурет» конкурсы өтті.

Мерекелік іс-шараның соңында ұйымдастырушылар балаларға спорттық жабдықтар мен ойыншықтар сыйлады. Ал, ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері балаларға жүздеген жейде мен бас киім тарту етіп, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау барысында «Наркопост» журналын таратты.