ОҚО полицейлері заңсыз балық аулаған 80-нен астам браконьерді анықтады

0
1 314

Бұдан басқа, балық аулау ережесін бұзғаны үшін полицейлер 80-нен астам бұзақыларды әкімшілік жауапқа тартып, жалпы сомасы шамамен миллион теңгеге айыппұл салынған.


ОҚО полицейлері заңсыз балық аулаған 80-нен астам браконьерді анықтады

Оңтүстік Қазақстан облысы Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері «Нерест» жедел-профилактикалық шарасы барысында 3 экологиялық қылмыс пен, 80-нен астам балықты заңсыз аулаған азаматтарды анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Балық аулау ережесін бұзғаны үшін полицейлер 80-нен астам бұзақыларды әкімшілік жауапқа тартып, жалпы сомасы шамамен миллион теңгеге айыппұл салынған.

31 мамырға дейін жалғасатын шарада ОҚО ІІД ЖПҚ полицейлері бұзақылықтың алдын алу және табиғатты қорғау заңнамасы аясында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізеді.