Ораза басталғанда Шымкенттегі «Ладушки» дүкендер желісі жеңілдіктерді алып тастаған

0
1 784

Бұл көпшілік тамақтанатын орын бұған дейін кешкі 20-00 ден кейін тез бұзылатын тағамдарға елу пайызға дейін жеңілдік жасап келген.


Ораза басталғанда  Шымкенттегі «Ладушки» дүкендер желісі жеңілдіктерді алып тастаған

Шымкент қаласындағы "Ладушки" дүкендер желісі кешкі уақытта келушілерге жасалатын жеңілдікті Ораза басталғанда алып тастаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қала тұрғындары арасында танымал кулинарлық-кондитерлік дүкендер желісіне келген тұтынушыны есікте мынадай хабарландыру күтіп алады.

Бұл көпшілік тамақтанатын орын бұған дейін кешкі 20-00 ден кейін тез бұзылатын тағамдарға 50 пайызға дейін жеңілдік жасап келген. Ауызашарға дастархан жайғысы келетіндердің қатары көбейіп, сауапты молынан жинайтын айда "Ладушки" кондитерлігі бұл акцияны тоқтатып тастапты.

Аталмыш нысанның әкімшісінен мұның себебін сұрағанымызда, барлық сұраққа басшылық қана жауап беретінін алға тартты.

А.Байтұрсынұлы көшесіндегі «Ладушки, усадьба» ғимаратына бардық. Басшысына жолыққымыз келіп еді, күзетшілер оның жұмыс орнында жоқ екендігін айтты.

Рамазан айында қалталы азаматтар қолынан келгенінше сауапты іс жасап жатқанда, олардың бұл әрекеті көпті таң қалдырғаны рас.

Бизнестің басты қағидасы - ақша табу екені екібастан белгілі. Бірақ, көпшілік сауап жинайтын айды ақша табу айына айналдырғысы келгені қалай?