Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды

0
1 178

Қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын.


Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Арыстағы төтенше жағдайға орай Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200 - ден астам науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көліктерін Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды.

Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын.

Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды.