Ордабасыда «Тәуелсіздік — тұғырым» атты кеш өтті

0
1 052

Аталған кеш аудан орталығы саналатын темірлан елдімекеніндегі аудандық мәдениет үйінде өткізілді.


Ордабасыда «Тәуелсіздік — тұғырым» атты кеш өтті

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 27 жыл. Осы атаулы күнге орай Түркістан облысы Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елдімекеніндегі мәдениет үйінде «Тәуелсіздік — тұғырым» деген атпен мерекелік жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тәуелсіздік күнін лайықты деңгейде атап өту, егемен еліміздің даму тарихынжалпақ жұртқажария ете отырып, азаматтардың көкейінде патриоттық сезімді арттыру, еліне адал қызмет етуге шақыруды мақсат тұтқан шараны аудандық әкімдіктің бастамасымен мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырған. Шараның шымылдығы мемлекеттің даму тарихынан, Тәуелсіздік жылдарындағы алға жылжу тарихынан сыр шерткен деректі фильммен түрілді. Оның соңын іле-шала «Ордабасы» халық аспаптар оркестрі жалғап, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Мерекелік кеште сөз алған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғ.Үсенбаев, аудандық мәслихат хатшысы Б.Сәдуақасов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Әбдіқайымұлы көпшілікті мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.

Мерекелік жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар Алғыс хатпен марапатталды.