​Ордабасыда желтоқсан оқиғасы куәгерімен кездесу өтті

0
2 311

Кездесу қонағы — Бадам ауылының тұрғыны Қонысов Махмұд Артайұлы болды.


​Ордабасыда желтоқсан оқиғасы куәгерімен кездесу өтті

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорық қызметкерлері мен Бадам ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Бадам ауылдық әкімшілік мәжіліс залында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында Ордабасы ауданы, Бадам ауылының тұрғыны желтоқсан куәгері Қонысов Махмұд Артайұлымен кездесу кеші өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кешке желтоқсан оқиғасының куәгерінен бөлек, арнайы қонақ ретінде Бадам ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Сарыбаев Тоқтасын, ауданның құрметті азаматы Қазыбек Нышан және Шалдарбеков Асылхан шақырылды. Мерекелік шара Тәуелсіз мемлекетіміздің ән ұранымен басталып, сол бір 1986 жылғы тарихи оқиғадан мәлімет беретін бейне роликтер көрсетілді. Сөз кезегін алған желтоқсаншы Қонысов Махмұд Артайұлы желтоқсан оқиғасыда басынан өткерген естеліктермен бөлісіп осы оқиғаға қатысты қойылған мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар Қазыбек Нышан ата желтоқсан оқиғасы жайында сөз қозғап Тәуелсіздік оңайлықпен келмегендігін, осы тәуелсіздік жолында құрбан болған аға әпкелердің ерлігін дәріптеуге құрметтеуге шақырды.

Іс-шара барысында «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығы атынан 2018 жылы өткізілген мәдени іс–шараларға белсене қатысып қолдау көрсеткен ардагерлер кеңесінің төрағасы Сарыбаев Тоқтасын ағайға және Дәрмен Сағыныш, Бадам ауылдық кітапханашысы Смайыл Умина апайларға алғыс хаттар табыстады.