Ордабасылық оқушыларға өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау ескертілді

0
1 673

Шара барысында жасөспірімдер өрт қауіпсіздігі ережелерімен және өрт кезінде жасалатын жедел шаралармен танысты.


Ордабасылық оқушыларға өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау ескертілді

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде өрт сөндірушілер ұйымдастырған іс-шара өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Өрт қауіпсіздік айлығы» қарсаңында Ордабасы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Әли Тұранов, Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитандары Тастанбек Ермахан және Абызбеков Бексұлтан №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебіне ат басын бұрды. Мақсаты — мектептің 9-11 сынып оқушыларына танымдық өрт сөндірушілер, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Шара барысында Төтенше жағдайлар және №8 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері жасөспірімдерді өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырып, оларды қатаң сақтау керектігін ескертті, отпен ойнаудың қандай жағдайға алып келетінін және өрт шыққан жағдайда жасалатын жедел шараларды түсіндірді. Өрт туралы жалған ақпарат таратудың жауапқа тартылатыны жайы да ескертілді. Сонымен қатар, өз ісінің кәсіби мамандары балаларға өрт сөндірушінің қиын да қызықты мамандығы туралы жан-жақты әңгімелеп берді.