Ордабасылықтар Наурыз мерекесін тойлады

0
1 470

Ордабасы жұртшылығы да ақтың молаятын, күн мен түннің теңелетін, тіршіліктің жаңаратын, кезеңі Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі ерекше атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Салтанатты шараны аудан әкімі Рашид Қайыпжанов ашып, көпшілікке ізгі ниетін білдірді.


Ордабасылықтар Наурыз мерекесін тойлады

Ордабасы жұртшылығы да ақтың молаятын, күн мен түннің теңелетін, тіршіліктің жаңаратын, кезеңі Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі ерекше атап өтті6 деп хабарлайды ERNUR.KZ. Салтанатты шараны аудан әкімі Рашид Қайыпжанов ашып, көпшілікке ізгі ниетін білдірді.


- Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды. Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ескірген салттан арылып, заман талабына орай қалыптасу мәселесіне ерекше назар аударды. Жаңа латын әліпбиін бекітіп, ұлттық кодты қалыптастыру тетіктерін нақтылады, - дей келе, аудан басшысы өңірдегі атқарылған шаруаларға тоқталды.

Айта кетейік, соңғы 30 жылда Ордабасы ауданының өзі үлкен өзгерістер жасап, дамып келеді. Атап айтқанда ет өндірісі 2,5 есеге, көкөніс өсіру 191 пайызға артқан. Ірі қара мал 5 есеге артты. 2017 жылы ауданымызда «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларымен 9208 мал сатып алынып, шағын жанұялық 60 ферма іске қосылды. Өндірілген ішкі аймақтық өнім көлемі 62 млрд. 298 млн. 106 мың теңгеге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,6 пайызға өсіп өтыр.

Мерекелік жиын барасында аудан әкімі бір жасар шұбарлық Ержан Қазыбектің тұсауын кесті. Жиын соңы "Армысың, әз Наурыз" концерттік бағдарамасына ұласты.