Ордабасылықтар тәуелсіздік мерекесін тойлауды бастады

0
1 047

Мерекелік шараға қатысушылар алғыс-құрметке, сый-сияпатқа бөленіп, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.


Ордабасылықтар тәуелсіздік мерекесін тойлауды бастады

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитеті Ордабасы аудандық мәдениет үйінде тәуелсіздік мерекесін тойлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мерекеге қатысушыларды облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Қорғанбаев Ж.А., аудан әкімінің орынбасары Тілеубердиев А.С., аудандық мәслихаттың аппарат жетекшісі Сатқанбаев К., аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәрсенбеков М.Т., аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сәдірмек Ә.Ш. құттықтады.

Озат жұмыскерлер, мерейтой иелері, облыстық «Табысты менеджер - 2018» байқауының жүлдегерлері мен кәсіподақ белсенділеріне құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, «Менің елім!» шығармашыл ұстаздар байқауының жеңімпаздарына да дипломдар мен сыйақылар табыс етілді.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттары - Исабаев Ә.Б., Рахиев У.Р., аудандық мәслихат депутаты Тағаев Б.Т. және жеке кәсіпкер Бекеева Н. мерекелік құттықтау ретінде 450 кәсіподақ мүшесі мен өнер көрсеткен 50 бала және олардың жетекшілеріне сый-сияпатарын ұсынды.

Мереке барысында кәсіподақ мүшелері «Болашақ ұрпақ» жекеменшік бөбекжай балабақшасының және облысымызға белгілі өнер иелері мен бишілер тобының өнерлерін тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.