Оңтүстік Қазақстан облысында ірі көлемде есірткі тасымалдаушы курьер ұсталды

0
1 255

Ол есірткі затын 5 миллион 380 мың теңгеге сатпақ болған. Айғақты зат тәркіленді. Күдікті қамауға алынды.​


Оңтүстік Қазақстан облысында ірі көлемде есірткі тасымалдаушы курьер ұсталды

ERNUR.KZ. Ағымдағы жылы ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын тұтқындады. Бұрын сотты болған 46 жастағы азамат ірі мөлшердегі есірткі затын сатпақ болған,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол есірткі затын 5 миллион 380 мың теңгеге сатпақ болған. Айғақты зат тәркіленді. Күдікті қамауға алынды.

Аталған дерек есірткі, психотроптық заттарды иемдену, сақтау, тасымалдау бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ, ОҚО ІІД-нің жедел уәкіл қызметкерлерімен есірткі затының келу арналары және оған қатысты сыбайластарын анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары қолға алынды.