Оңтүстік Қазақстаннан шығыс өңіріне баруға 45 отбасы өтініш білдірді​

0
1 245

Жәрмеңке барысында Шығыс өңіріне баруға 45 отбасы өтініш білдірген.​


Оңтүстік Қазақстаннан шығыс өңіріне баруға 45 отбасы өтініш білдірді​

Бүгін Сайрам ауданында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарынан келген 120-дан астам жұмыс берушілердің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған аймақтармен ОҚО әкімдері арасында өзара ынтымақтастық меморандум түзіліп, осы негізінде облысымызда халқы тығыз орналасқан аудандарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған болатын.

2015-2017 жылдары 347 отбасы немесе 1392 адам оңтүстіктен еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударды. Олардың отбасындағы кемінде бір адам жұмыспен қамтылды. 2018 жылы бұл жұмыстар жалғасып, 665 отбасы қоныс аударады деп жоспарлануда- дейді Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бастамалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев.

Жәрмеңке барысында Шығыс өңіріне баруға 45 отбасы өтініш білдірген.

"Оңтүстік жұртын Шығыс өңіріне бос жұмыс орындарынп қызмет етуге шақырамыз. Бос жұмыс орындары бар. Білім саласында 23 мың бос орын болса, ауыл шаруашылығы саласында тракторист, механик, агроном секілді т.б жұмыс орындары бар. Көшіп келген әр отбасы мүшелеріне 84 мың теңге көлемінде субцидия беріліп, баспанамен қамтамасыз етіп, нәтижелі жұмыспен қамтып, қолдау көрсетеміз", -дейді Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Жұмыспен қамту орталығының директоры Роллан Нұрланұлы.