Оңтүстікқазақстандық 50 бүлдіршін Астанаға жолдама алды

0
2 846

50 балаға Астана қаласына 3 күнге жолдама берді.


Оңтүстікқазақстандық 50 бүлдіршін Астанаға жолдама алды

ERNUR.KZ. 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Шымкент қаласы, "Жайлаукөл" демалыс аймағында "Әрқашан күн сөнбесін" атты концерттік бағдарлама өтті. Аталған мерекеге арнайы келген Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев сөз алып, балаларды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ, балалар үйінің 355 тәрбиеленушілеріне дәмді балмұздақтар таратып, арнайы дастархандар жайылды. Бүлдіршіндер өздері әзірлеген өнерлерімен қонақтарды тәнті етті. Облыс әкімі бала тәрбиелеуде ерен еңбегі сіңген тәрбиешілер мен түрлі республикалық байқауларда бой көрсетіп, жүлдемен оралып жүрген жеткіншектерге арнайы алғыс хаттар мен 55 дана велосипед, 100 дана жұмсақ ойыншақтар, 90 дана шахмат, шашка, тоғызқұмалақ, 170 дана балалардың ой өрісін дамытатын ойыншықтарды табыстап, 50 балаға Астана қаласына 3 күнге жолдама берді.

- Рамазан айымен тұспа-тұс келген мейрамда өзінің ізгі ниетімен келіп, бізді қуантқан Ж.Қ.Түймебаев пен ұйымдастыру алқасына айтар алғысымыз шексіз. Облыс әкіміне Алланың нұры жаусын. Бұндай игі істерді бұл уақытқа дейін де істеп жүрген әкімнің өмір жасының ұзақтығын тілеймін. Астана қаласына жолдама бергеніне өте қуаныштымын, бұл шара жыл сайын жалғасын тапса екен, - дейді "Төлеген Тәжібаев" атындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Мадиярұлы Дияр.

Шара соңында тәрбиеленушілер облыс әкімімен естелік суретке түсіп, қуаныштарын бөлісті.