Отырардағы бастауыш сыныптар семинары жоғары деңгейде өтті

0
1 828

Семинар мектеп мұражайын аралаудан басталып, бастауыш сыныптардың сабақтарына қатысуымен жалғасты.


Отырардағы бастауыш сыныптар семинары жоғары деңгейде өтті

Түркістан облысы Отырар ауданындағы Қарғалы ауыл округіне қарасты С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінде «Шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында бастауыш сыныптар семинары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Семинар мектеп мұражайын аралаудан басталып, бастауыш сыныптардың сабақтарына қатысуымен жалғасты. Мектеп психологы Д.Мырзахметованың ұйымдастырған тренингіне семинарға келген қатысушылар түгелдей қатысып, бой сергіту сәттерінен ерекше әсер алып шықты. Тренингтен шыққан қонақтар 4-сынып жетекшісі Д.Айдарованың 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай дайындаған «Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын тамашалады. Семинарды қорытындылаған аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Есенәлиева жақсы деген баға беріп, осындай іс-шараның өтуін қадағалаған мектеп директоры Г.Серимоваға алғыс айтты.

Семинар соңында қонақтар 5-10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік — Тұғырым» тақырыбында кең көлемді мерекелік іс-шарны тамашалады. Іс-шара мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қаза болған жандарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алумен қатар олардың ерліктері туралы көріністер қойылып, сол жылдары жазылған өлең жырлары оқылды.