Отырарлық кәсіпкерлер жүгеріден биоэтанол өндірмек

0
1 187

Сонымен қатар,инвестиция тарту мәселесі бойынша «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 7 жобаның қаржыландырылуын ұйымдастыру жоспарланған.


Отырарлық кәсіпкерлер жүгеріден биоэтанол өндірмек

ERNUR.KZ. Отырарлық кәсіпкерлер жүгеріден биоэтанол өндіруді қолға алып жатыр. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ержан Шәпиев қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мәлімдеді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы Отырар ауданында индустриалды аймақ құрылмақ. Отандық және шетелдік инвесторларды тарту арқылы өңдеу өнеркәсібін дамытуға үлкен мүмкіндік тудыру оң жолға қойылуда. Осылайша ауданның іскер азаматтары күн сәулесінен электр энергиясын өндіру және жүгеріні терең өңдей отырып биоэтанол өндіру жобаларын жүзеге асыру тиімділігі арттыруға арналған ауқымды үш жобаны іске асыру мақсатында тиісті жұмыстардың қарқынды жүзеге асып жатқанын айтты. Сонымен қатар,инвестиция тарту мәселесі бойынша «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 7 жобаның қаржыландырылуын ұйымдастыру жоспарланған.