​Отырарлық өрендер халықаралық байқауда үздіктер қатарынан табылды

0
1 083

Шәкірттері үздіктер қатарынан көрінгені үшін жетекшісіне «Үздік жетекші» дипломы табысталды.


​Отырарлық өрендер халықаралық байқауда үздіктер қатарынан табылды

Түр­кіс­тан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік уни­верситетінің «Мәде­ниет орталы­ғында» ІІ «Алаш үміті» халықаралық рухани жаңғыру фести­валі өтті. Осы фестивальде Отырар ауданының үмітін арқалап барған жас өрендер озаттар қатарынан табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудандық баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Аталған фестиваль М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының жас ғалымдар кеңесі және А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік уни­верситеті ұйым­дастыруымен өткізілді. Онда өнер­дің әр саласында жүр­ген үздік жас талант иелері өнер көрсетті.

Олардың қатарында Отырар ауданының атынан барған Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының 1-сы­­нып оқу­шысы Зере Айбекқызы Жүнісбай мен «Темір» жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Бай­болат Бердіқұл да бар еді. Өнер додасында ақтық сынға шыққан Зере Айбекқызы Жүнісбай во­кал номинациясы бойынша гран-при иегері атанып, «Алтын жұлдыз» медаліне ие болса, «Темір» жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Байболат Бердіқұл да осы номинация бойынша ІІ орын иегері атанып, «Күміс жүлде» медалін мойнына тақты.

Фестивальде шәкірттері үздіктер қатарынан кө­рінгені үшін жетекшісі Салтанат Аман­байқызына «Үздік же­текші» дип­ломы табысталды.