​«Өз балаңа үлгі бол» жобасы аясында ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды

0
1 965

Мұндағы мақсат - кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, өз-өзіне қол жұмсаудың, сондай-ақ қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.


​«Өз балаңа үлгі бол» жобасы аясында ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды

Арыс қаласындағы В.Комарова атындағы жалпы орта мектебінде ата-аналарға арналған «Өз балаңа үлгі бол» атты кездесу болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Әрине, баланы тәрбиелемес бұрын әрбір ата-ана өзара қарым-қатынастарына көңіл бөліп, тіпті, отбасындағы кішкентай мәселелерде бір-бірімен ақылдасып шешкендері дұрыс. Мұның бәрі де сырттан бақылап отырған балаға айтарлықтай әсер етіп, оның дұрыс не бұрыс тәрбиеленуіне толықтай ықпал етері анық.

Сол себепті де «Өз балаңа үлгі бол» жол картасы жобасы көптеген мектептерде өткізіліп жатыр. Мұндағы мақсат - кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, өз-өзіне қол жұмсаудың, сондай-ақ қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.

Осы жағдайларды алдымен ата-аналарға түсіндіру арқылы, балалармен арадағы тығыз байланысты нығайту керектігін ұғындыру арқылы мақсатқа жетуге болады. Мұндай кездесулер С.Қожанов және И.Журба атындағы жалпы орта мектептерінде өз жалғасын тапты.