Өзі бағатын қойларды ұрлаған түркістандық шопан ұсталып қалды

0
2 931

Ұсақ малды ТО ПД жол-патрульдік полиция қызметкерлері күмән тудырған «ВАЗ» автокөлігінен тапқан.


Өзі бағатын қойларды ұрлаған түркістандық шопан ұсталып қалды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері қой ұрлаған шопанды ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы ПД қызметкерлері Қазығұрт ауданында қылмыстың алдын алу шараларын жүргізу барысында автокөлігінде ұрланған қойлар бар шопанды құрықтады.

Тәртіп сақшылары тексеру барысында көліктің жүк салғышынан құжаты жоқ 3 қойды тапқан. Қазығұрт ауданының тұрғыны бұл қойларды шопан болып жұмыс істеген жергілікті шаруашылықтан ұрлағаны анықталды.

Болған жайт ҚР ҚК 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша СДТБТ тіркелді. Жәбірленушіге келген зиянның жалпы мөлшері 100 мың теңгеге жуық қаржыны құрайды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғынның басқа қылмысқа қатыстылығы анықталуда.

дереккөз: Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі