Полиция департаментінің қызметкерлері Тәуелсіздік күнін атап өтті

0
2 832

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Түркістан қалалық Мәдениет үйінде еліміздің басты ұлттық мерекесі саналатын - Тәуелсіздік күнін атап өтті.


Полиция департаментінің қызметкерлері Тәуелсіздік күнін атап өтті

фото: facebook.com

Түркістан облысы, Полиция департаментінің қызметкерлері еліміздің басты мерекесі саналатын - Тәуелсіздік күнін атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдениет үйінің сахна төріне еліміздің рәмізі – көк Туымыз әкелініп, асқақ әуеніміз Гимн орындалды. Салтанатты шараны Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков өзінің құттықтау сөзімен ашты.
Баяндамасында Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктерін, Елбасы басшылығымен жасалған қоғамдық тұрақтылық пен өркендеудің, саралы саясатының арқасында Қазақстан Республикасының қүннен-күнге дамып келе жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Елбасының бастамасымен Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан облысы атауына ауыстырылып, облыс орталығы қасиетті қала –Түркістан шаһарына айналғалы бері, департаменттің позитивті тұстарының жоғарылап, қоғамдағы қылмыстардың азаюына үлкен септігін тигізгендігін, бұл тараптан полиция қызметкерлерінің аянбай тер төгіп, Отанға мінсіз қызмет етіп келе жатқандығын мақтанышпен айтты.
Салтанатты жиынға департамент басшылары мен қызметкерлері, жеке құрамдар, полиция ардагерлері, аудан мен қалалық полиция бөлімдері мен басқармаларының қызметкерлері қатысты. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығымен «Астананың 20 жылдығы» төсбелгісімен Департамент бастығының орынбасарлары полиция полковнигі Б. Сұлтан мен полиция полковнигі М. Қожабаев, Штаб басқармасының бастығы С. Шалхаров, ЖЖБ-ның бастығы полиция полковнигі Ә. Тәжиев, Төлеби АПБ-нің бастығы полиция полковнигі Т. Охашев, Заң бөлімінің бастығы Т. Мұсабековтер марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар Ішкі істер органдары ардагерлерін алғыс хатпен марапаттады. Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Алғыс хатымен ҰҚҚКБ-ның бастығы полиция подполковнигі Ғ. Қуашбаев, АБ-ның бастығы полиция полковнигі Б. Зиятаев, Жетісай АПБ-нің бастығы Б. Жанаев, ІІ дәрежелі «Үздік» төсбелгісімен Сайрам АПБ тергеушісі полиция капитаны Асхат Жаңбырбаев марапатталды. Тәуелсіздік күніне арналған мерекеде 40-қа жуық қызметкер марапатталды. Оған қоса, 12 қызметкердің тәртіптік шарасы алынды.
Марапаттау рәсімінен кейін, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының түрлі тосқауылдардан өту жолына арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты деректі фильмі қалың көпшілікке ұсынылды. Сондай-ақ, Елбасының өлеңі бойынша «Тәуелсіздік» қойылымы сомдалды. Мәдениет үйінің әншілері мен бишілері, хор ұжымы т.б өнер саласының өкілдері сахна төрінде өз өнерлерін көрсетіп, тәртіп сақшыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осылайша, Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің ҚР Тәуелсіздіктің 27 жылдығына мерекесіне арналған іс-шарасы қалалық өнер жұлдыздарының ән-күйіне арналған мерекелік концертке ұласты.