​Президенттік олимпиаданың нәтижесі белгілі болды

0
1 930

Олимпиадаға қатысқан барлық оқушыларға облыстық білім басқармасының атынан серификаттар берілсе, олардың пән оқытушыларына алғыс хаттар табысталды.


​Президенттік олимпиаданың нәтижесі белгілі болды

Облыстық білім басқармасы облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Н.Оңдасынов атындағы «Дарын» мектеп-интернатында Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Білімділер аламанында бақ сынаған оқушыларға мектеп–интернатының директоры Қуанышбек Әділмұратұлықұттықтау сөз сөйлеп, облыстық білім басқармасыныңбас маманы Анапия Арыстанбайқызы олимпиада шарттарымен таныстырып өтті.

- 2008 жылыдан бастау алған Президенттік олимпиада математика, физика, биология, химия пәндері бойынша өткізіп келеді. Бұл бітіруші түлектердің білім деңгейінің артып, дарынды оқушыларды анықтауға мол мүмкіндік береді. Он жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан олимпиада жаңа қырларының ашылуларыңа сеп болады.Олимпиаданың өңірлік кезеңіне облысымыздан64 оқушы қатысып отыр. Соның ішінде жиырма оқушы облысымыздың атынан 17-қазанда онлайн режимде өтетін екінші кезеңге жолдама алады. Республикалық деңгейден озып шыққан оқушы олимпиада дипломымен Назарбаев университетіне оқуға түсуге мүмкіндік алады,- деді Анапия Арыстанбайқызы.

Сонымен жазбаша тестілеу мәреге жетіп, 5 оқушы – I орын, 7 оқушы - IIорын, 8 оқушы -III орынға қол жеткізді. Олимпиадаға қатысқан барлық оқушыларға облыстық білім басқармасының атынан серификаттар берілсе, олардың пән оқытушыларына алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, балдық көрсеткіші жеңімпаздардан сәл ғана аз болған оқушылар – «Жас пифагор», «Жас физик», «Жас химик», «Жас ғалым», «Жас талап» номинациялары бойынша марапатталды. Жоғарыда айтқандай, жүлделі орындар иеленген оқушылар екінші кезеңде облыс намысын қорғайтын болады.